Елімізде жаңа мереке пайда болады

409

Қазақстанда кәсіпкерлердің кәсіби мерекесі пайда болмақ- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) баспасөз қызметі мәлімдеді.Палата Ұлттық экономика министрлігі үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге кіріскенін мәлімдеді. Бекіткеннен кейін күнтізбеде жаңа мереке пайда болады. Яғни 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлерінің күні болып бекітілмек.

"Мереке табысқа жеткен, адамдарды жұмыспен қамтып, көмек көрсетуге талпынған кәсіп иелеріне алғыс пен құрмет білдіруге арналған", – деді  ҰКП-да.

Сонымен қатар екі халықаралық мереке бар: 15 сәуір – Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамыз – Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.