Facebook әлеуметтік желісінің атауы өзгермек
369
Facebook компаниясының негізін салушылардың бірі Марк Цукерберг компания атауын өзгертпекші- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әзірше нақты атауы әзірге мұқият қорғалатын құпия ақпарат болып отыр.The Verge басылымының хабарлауынша, компанияның енді қалай аталатынын тіпті жоғарыдағы басшылықтың арасындағы адамдар да біле бермейді екен.
Компания бас директоры Марк Цукерберг бұл туралы жыл сайынғы Connect конференциясында 28 қазанда хабарлауды жоспарлап отыр.
The Verge мәліметінше, атаудың өзгеруі технологиялық ірі қызметтің өрісінің кеңейтуді меңзейді. Facebook-тың атауы тек әлеуметтік желілермен ғана байланысты болмайтындай мақсатты көздеген.
Facebook-те өнімдерді жасаумен айналысатын 10 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың ішінде виртуалды шындық көзілдірігі де жасалып жатыр. Цукербергтің пікірінше, бұлар алдағы уқаытта смартфондар сияқты қарапайым қолданыстағы дүниеге айналады.
Шілдеде ол келесі бірнеше жыл ішінде компания атауы әлеуметтік желі ретінде емес, "метаәлем" ретінде қабылдана бастайтынын айтқан.