Елордалық тұрғын анасын балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды

252
Елордада 31 жастағы жігіт анасын балағаттап, айғай-шу шығарғаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Полицияның «102» арнасына елорда тұрғынынан ұлының айғай-шу шығарып, балағаттағанына байланысты шақырту түсті. Қорқып қалған 64 жастағы әйел полиция шақырды. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік полициясы 31 жастағы жанжалқойды ұстап, уақытша оқшаулау бөлмесіне қамады.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімен аталған жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар сот зәбір көрген әйелді 30 тәулікке қорғауға алу туралы ұйғарым шығарды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.