Ақтаудағы жарылыс: оқиға орнында қазіргі жағдай қандай?

384
Ақтауда "Шерқала" сауда орталығындағы жарылыстан кейінгі үйінділер әлі тазаланып жатыр. Мамандар үйінді астынан жарылмаған газ баллондарын шығарды- деп хабалайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарылыс 29 "а" ықшамауданындағы екі қабатты кешеннің бірінші қабатында болған. Ғимарат ішінде жұмыс киімдер дүкені, автокөлік бөлшектері, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету станциялары мен қоймалар бар. Жарылыс ғимараттағы кафеде болды.

Жалпы қираған аумақ 200 шаршы метр. Жарылыс болған аумақта кірпіштер, құрылыс материалдары шашылып жатыр. 

Ақтау әкімдігінің Instagram желісінде "Аянат" дәмханасының қожайыны жарылыс кезінде мекемеде келушілер мен қызметкерлер болмағанын айтқан видео пайда болды. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде дәл осы кафеде жарылыс болды деген ақпарат тарады, бірақ Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламаларды жоққа шығарды.

Жарылыс "Шерқала" кешеніндегі асханада болды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін әлеуметтік желідегі хабарламаларды оқиға орнында болған блогер Азамат Сәрсенбаев жоққа шығарды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарылыстан қаза тапқан жеті адам және 14 адам туралы екі хабарлама тарады. Екі ақпарат та расталмады. Түнде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін айтты.


Маңғыстау облысының әкімдігі кинологтар мен иттер үйінді астынан адамдарды іздеп жатқанын түсіндірді. Олар жарылыс болған жерде зардап шеккендердің жоқтығын анықтады. Облыстық аурухананың қабылдау бөлімі де жарылыс туралы қоңырауларды тіркемеген.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.