Қарағандыдағы балабақшада қызметкердің бүлдіршінге жасаған дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалған

367

Әлеуметтік желіде Қарағанды қаласындағы жеке меншік балабақша қызметкерлерінің бірінің бүлдіршінге дөрекі қылық танытқан  видео жазбасы таралып кетті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Желіде тараған кадрларда сырт киімімен еденде жатқан кішкентай қыз көрінеді. Видеодан оның балабақшада қалғысы келмегенін байқауға болады. Сәлден соң оған балабақша қызметкері келіп, қыстық күртесінің жеңінен жұлқып, ертіп кетеді. Видео сипаттамасында мұндай жағдай жиі болатыны жазылған.




"Мен куәгермін. Балабақшадағы психикасы бұзылған қызметкердің әрекетін жай қалдыра алмадым. Бұны аноним жариялауыңызды сұраймын. Себебі мұндай қарым-қатынасты ортағасырдағы садизмнің бір түрі деп санаймын. 40 000 теңгеге балалардың психикасын бұзатын жеке мекеме! Онда жүрегі ауыратын бала бар, бұлай жалғасса оны қиын жағдайға дейін жеткізеді. Барлық дені сау емес қызметкерді тексергенін қалаймын", - делінген видео түсіндірмесінде.

Видео жазбаға қатысты Қарағанды білім басқармасы  пікір білдірді.

"Видеоны көрдік. 22-23 қарашада осы балабақшада қызметтік тексеру жүргізіледі. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", - деді білім басқармасы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.