Автобуста құлаған алматылық әйел 10 миллион теңге өтемақы алды

285
Алматы қаласының тұрғыны автобуста құлағаннан кейін ірі көлемдегі өтемақы алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 2019 жылы болған. Автобус кілт тоқтағанда жолаушы әйел құлап, басын қатты соғып алған. Бассүйек-ми жарақатын алды. Содан бері ем-дом қабылдады. 52 жастағы әйел II топтағы мүгедек деп танылды.

Ал автобус жүргізушісі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін "Евразия" компаниясында сақтандырған болатын. Жарақат алған жолаушы биыл қараша айында сақтандыру компаниясына арыз жазды. Барлық құжатты ұсынды. Соның негізінде автобуста болған оқиға сақтандыруға жататын жағдай деп танылды.

"Жолаушының денсаулығына келген зиян үшін "Еуразия" сақтандыру компаниясынан берілген төлемнің мөлшері 10,2 миллион теңгені құрады", - дейді компания мамандары.

Осы орайда компания қызметкерлері автобустар жоғары қаупі бар көлік екенін еске салды. Сол себепті Қазақстанда онымен жүретін барлық жолаушы міндетті сақтандыру полистарымен қорғалады. Оны жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар рәсімдейді.

Жол апатында кім кінәлі болғанына қарамастан, жолаушыға сақтандыру компаниясының өтемақысы төленеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.