Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сотталған азамат рақымшылықпен босатылды

419
Қызылордада қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден бір  сотталған рақымшылықпен босатылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінен бір сотталған азамат рақымшылықпен босатылды. Ол жол-көлік оқиғасын жасап, сот  үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345 бабы 3-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге  көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеуге сотталған.

Қызылорда қалалық № 2 сотының қаулысымен сотталған  азаматқа қатысты  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы»  Заңын қолдану және негізгі жазадан босату туралы ұсынысы қаралып, бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі қалған жазасының , яғни 6 ай 29 күнге жазадан  дереу босатылды. 

«Мен абайсызда жол –көлік оқиғасын жасап сотталдым. Рақымшылық заңына ілігіп босатылдым. Бұл маған үлкен сабақ болды. Енді отбасыммен қауышып, заң талаптарын сақтап, жұмысқа орналасып, отбасыма көңіл бөліп, балаларыма дұрыс тәрбие беремін»,-деді босатылған азамат.

«Мекемедегі 39 сотталғанға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану көзделіп, іс –құжаттары  Қызылорда қалалық №2 сотына жолданды. Бір сотталған босатылды, қалған сотталғандардың іс –құжаттары сотпен қаралатын болады»,-деді арнайы есепке алу тобының аға инспекторы  Мерей Табылғанова.

Дана Достанова 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД