Елжан Біртанов өзіне қатысты істің дұрыс тергелмей жатқанын мәлімдеді

554

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаржы мониторингі агенттігі оның ісін дұрыс қарамай, заң бұзып жатқанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Экс-шенеунік оған қарсы жасалып жатқан әрекеттер туралы өзінің Facebook парақшасына жазды.

"Өзімді қорғау құқығым қайта бұзылып жатыр. Тергеу барысында Қаржы мониторингі агенттігі заңды өрескел бұзды. Біз бұған қатысты Бас прокуратураға тиісті шаралар қабылдау туралы өтініш бердік. Алайда шағымдарымыз қаралмады. Сөйтіп айыптау актісі бекітіліп кетті... Яғни біздің ұстанымымыз бен құқықтарымыз ешкімді қызықтырмай ма?" — деп жазды ол.

Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінде 2017 жылғы қаңтардан 2020 жылғы маусымның соңына дейін болды. Ол бір жылдан бері ол үйқамақта отыр. Экс-министрге қатысты қылмыстық іс 133 томнан тұрады.