Байқоңыр тұрғындарына теракт қаупі ескертілді
386
Байқоңыр қаласында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейі енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі қала әкімшілігі сайтына сілтеме жасап.
"Байқоңыр" аумағында құқық қорғау органдары азаматтар, қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдап жатыр.
Азаматтарға ұсынылады:
"Құқық қорғау органдарынан түскен террористік акт қаупі және оның жасалуына қарсы іс-қимыл ұйымдастыру туралы ақпаратқа байланысты Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, әкімшілік басшысы Бусыгин "Байқоңыр" аумағында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейін енгізу туралы шешім қабылдады. Ол 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 12.00-ден 3 ақпан сағат 12.00-ге дейін, 15 тәулік мерзімге белгіленген", - делінген хабарламада.
"Байқоңыр" аумағында құқық қорғау органдары азаматтар, қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдап жатыр.
- Көшеде, адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте мыналарға назар аударыңыз: адамдардың сыртқы келбеті (киімі жыл мезгіліне сәйкес келмейді немесе оның астында қандай да бір бөтен зат бар т.с.с. сияқты);
- өзгелердің мінез-құлқындағы оғаш қылықтар (күйгелектік, жан-жаққа үнемі қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу әрекеттері);
- қараусыз қалған көліктер, күдікті заттар;
- барлық күдікті жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау;
- құқық қорғау органдарына көмек көрсету;
- құқық қорғау органдары талабына түсінікпен және шыдаммен қарау;
- бейтаныс адамдардан сәлемдемелерді, жәшіктерді, сөмкелерді, рюкзактарды, чемодандарды және басқа да күмәнді заттарды, тіпті уақытша сақтауға, сондай-ақ тасымалдауға алмау. Күдікті заттар табылған жағдайда оларға жақындамаңыз, оларды ұстамаңыз, ашпаңыз немесе жылжытпаңыз;
- отбасындағы қарттар мен балаларға көшеде немесе подъезден табылған кез келген зат өміріне қауіп төндіретінін түсіндіру;
- ақпараттардан хабардар болу (теледидардағы, радиодағы, интернеттегі жаңалықтарды бақылаңыз).