Алматы облысында жасөспірімді басынан таспен ұрып өлтірді

344

7 қаңтарда зорлық-зомбылықпен өлген 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі, 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің ізін таба алды. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.

“Марқұм жігіт оның жақын танысы болып, қонаққа келген. Екеуі мас күйінде дүкеннен қайтып келе жатқанда жанжал шығып, марқұмның басынан таспен ұрған, содан кейін жауапкершіліктен қорыққан ол із-түссіз жоғалып кеткен”, –деді Алматы облысының полиция департаменті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.