Шардара су электр станциясы апатқа байланысты жұмысын тоқтатты

393

"Шардара су электр станциясы" жарық сөнуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Шардара су электр станциясы" АҚ" ішкі жарық желілерінің өшуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті", - делінген компания хабарламасында. 

"АлЭС" АҚ мен Мойнақ су электр станциясы жүктемесін сақтап қалған. Қазіргі уақытта Жүйелік оператор пәрменімен қуатты арттыруда. 

"Самрұқ-Энерго" АҚ-ның солтүстіктегі қуатпен қамтамасыз етушісі – Екібастұз ГРЭС-і жүктемені еш ақаусыз орындауда. 

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы 6 қуат блогы жұмыс істеп тұр. Жүктемесі 2 930 МВт, ал ГРЭС-2 станциясында жүктемесі 950 МВТ-қа тең екі қуат блогы жұмыс істейді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.