"Қалаулымның" қатысушысы сотталайын деп жатыр

784

Атышулы "Қалаулым" ток-шоуының қатысушысы болған Бердах Бекетов митингке шыққаны үшін қамауға алынған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде "Қалаулым" қатысушысы болған Бердах Бекетовтің митингке шыққаны үшін қамалғанын айтып, дабыл қағылып жатыр.

Бердах Бекетов — отандық арналарда шығып жүрген "Қалаулым" кейіннен "Qos like", "Бірге болайық" деп аталған бағдарламалардың барлығына қатысқан. Өмірлік жары Айяны да осы жерден кездестіріп үйленген.

Әпкесі Перизат Бекеттің айтуынша, інісін 22 қаңтар күні ұстап алып кеткен. Содан бері әлі қамауда екен.

Бір өліп тірілгендеймін. Мұндайды жасыра алмаспыз. Сіздердің қолдауларыңыз керек.Мені, отбасымды танитын тілекшілер Бердахқа араша түсіңіздерші. Бердах кінәлі емес! Ол — елдің баласы,— деп жазды Перизат Бекет.


Перизат желіге інісінің жазған хатын салған. Хатта Бердах тергеушілер қорқытқанын, егер бәрін айтпаса "15 жылға қамаласың, ұлынды да көрмей сотталып кетесің" дегенін жазған.

21 қаңтарда дүниеге ұлы келді. Бөпесін перзентханадан шығара да алмады. Бердах халыққа кеңінен танымал азамат. Қазақ халқы үшін барын беріп, елі үшін аянбай ат салысып жүргенін көпшілік біліп те, көріп те жүр,— дейді әпкесі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.