Сүйіншісі 1 млн теңге! Жоғалған сарбаздың әкесі ақпарат үшін ақша бермек

542

Әкесінің айтуынша, Бауыржан Дәуітбаевты тірі көргендер бар. 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі сақтайтын қоймада болған жарылыстан соң жоғалып кеткен әскери қызметкер әлі табылған жоқ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Тіпті Бауыржанның жақындары ол туралы қандай да бір ақпарат берген адамға 1 миллион теңге сыйақы беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Үкіметтен үміт үздік деген олар қазір Қазақстанның барлық өңіріне хабарландыру қағаздарын таратуды бастапты. Онда Бауыржан туралы қандай да бір ақпаратпен бөліскендерге көлемді сыйақы тағайындалғаны жазылған. Бауыржанның жоғалғанына жуырда алты ай толады. Оның анасы іздеу жұмыстарын тек Жамбыл ғана емес, барлық өңірде жүргізу керек деп есептейді.

"Қазақстан бойынша іздеу салсын. Суреттерін ілсін. Барлық жерде полиция, соларға тапсырма берсін. Мен үкіметтен талап етемін . Өлі болсын, тірі болсын олар маған тауып беруге міндетті",— дейді анасы Фатима Ағыбекова.

Алғаш рет Бауыржанды іздестіруге 400-ге жуық әскери қызметкер тартылған. Алайда, одан еш нәтиже шықпапты. Кейін іздеу шаралары тоқтатылған. Содан бері сарбаздың отбасы мен таныстары өз күштерімен әрекет етіп келеді. Соның арқасында "Бауыржанға ұқсайтын жігітті көрдік" деген бірнеше адаммен жолығыпты. Мәселен,Тараз маңындағы Жасөркен ауылы маңында малшылардың бірі онымен тілдескенін айтқан.

Куәгер малшы: Менен су сұрады, ана жақта бұлақ бар" деп тау жаққа қарай жіберген. Оның айтуынша, бетінің бір шеті күйген, жүзінде қорқыныш бардейді ағасы Бақыт Дәуітбаев.

Ал қорғаныс министрлігінің өкілдері іздестіру жұмыстарының қыс мезгіліне байланысты уақытша тоқтағандығын жеткізді. Айтуларынша, іздеу шарасы көктемде қайта қолға алынбақ. Олар Дәуітбаевты табуға бар күшімізді саламыз деп отыр.


Амалы таусылып, үміті үзілуге шақ қалған Бауыржанның туыстары президенттен көмек сұрайды. Сондай-ақ, олар шетелден тәжірибелі экстрасенстерді шақыруды жоспарлап отыр екен. Ал Бауыржан Дәуітбаевтың 4 баласы әкелерінің қайтып келуін тағатсыздана күтіп жүр. Оның келіншегі біраз күнде бесінші рет ана атанбақ.