ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕР КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРДІ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН БА?

1 878
Қызылорда облыстық онкологиялық орталықтың дәрігері кезекші медбикеге зорлық зомбылық әрекетін жасамақшы болды деп  Facebook әлеуметтік желісінде  кеңінен тарап кетті,- деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі.

Қоғам белсендінің айтуынша, оқиға 2022 жылы 3 наурызда онкологиялық орталықтың ақылы хирургия бөлімінде болған. Хирург және реаниматолог түнгі ауысымда спирттік ішімдіктер ішкені анықталған.
"Түнгі ауысым. Кенет мас реаниматолог  медбикені 5-қабаттағы басқа блокқа шақырып, сексуалдық әрекеттер жасай бастайды. Медбике қарсыласып, оның қолын тістеп алады, бірақ дәрігер құштарлығын көрсетуді тоқтатпаған. Қыз оған бұл жұмыс орнындағы жәбірлеу екенін айтты, бірақ мас реаниматолог тоқтамай, қатты соққыға жыққан. Нәтижесінде ол бас тартқаны үшін қызды баспалдақтан итеріп жіберген. Қорыққан қыз қашуға тырысады, бірақ ол үндемеуді бұйырады, әйтпесе жұмыстан шығаратынын айтады. Кейін ол медбикені мұз алып келуге бірнеше рет шақырған. Басқа медбикені де массаж жасауға шақырды", - деп жазды жазба авторы.


Мас күйінде дәрігерлік бақылау жасамақшы болған хирург науқасқа бармақ болады. Алайда, оны медбикелер тоқтатуға тырысып әлек. Дәрігерлердің іс-әрекеттері туралы естіген облыстық онкологиялық орталықтың емдеу бөлімі директорының орынбасары түн ішінде жұмысқа келді делінген. Десе де, ол мас хирургтарды көрсе де, ештеңе жасамағандығы қалай? Бұл ретте орын алған бассыздықтан басшылықтың та хабары бола тұра қол қусырып отырғандығы дәрігерлерімізге сын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі дәрігерді жұмыстан босатып қана қоймай, аталмыш аурухананың басшылығын да түбегейлі ауыстыруы тиіс секілді.


"Мен әр түрлі бөлімдердің медбикелерімен сөйлескеннен кейін, бұл дәрігерлер түнгі ауысымдарда интимдік массаж жасауға, жұмыс орнында жыныстық қатынасқа түсуге және оргия жасауға мәжбүрлейтінін білдім. Барлығы үндемейді, қорқады. Медбике директорға және оның орынбасарына, содан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасына және полицияға арыз жазған. Еш жерде қарастырылмады. Полиция арызды кеше қыз 102 шақырған кезде тіркеді", - деді Жәмиля Қасымхан.







Ал, Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы болса, 
Оқиғаға байланысты тыңғылықты тексеру үшін қызметтік тексеру жүргізуге комиссия құрылды. 16 наурызда дәрігерлер еңбек шарты бұзылды", - деді.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ауруханаға соңғы уақытта бірқатар наразылық білдіріп, арыз-шағым айтушылардың қатары көбейіп кеткен болатын.
Осы орайда, 
«Маған дәрігер ашық айтқан болатын «кезек күттірмей ота жасатқың келсе, өзіме жеке төлейсің», деді. Ал, дәрігерлері тым дөрекі сөйлесті. Кейіннен білдім мен дәрігерге емес кассаға төлем жасау керек екенімді. Расында, онкологиялық ауруы бар науқастан осыншама құныққан дәрігерлерден шошып, мен басқа емханаға жүгінуді жөн санаған едім», -деді Ақмарал Омарова.


Ал ол аз десеңіз облыстық онкологиялық орталықтың ішінде камера орнатылған болса да, бассыздық орын алып, жемқорлық жайлаған мекенге айналуы қалай? Дәрігерлердің басты міндеті емдеу емес, зорлау және пара алу болғаны ма? 

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ