ҚЫЗЫЛОРДА САЯБАҚТАРЫНА СӘУЛЕТШІ-ДИЗАЙНЕР СЫН АЙТЫП КЕТТІ (ВИДЕО)

2 443
Қызылорда қаласында орналасқан кейбір демалыс орындарының сапасы сын көтермей тұр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде  Сұлтан Бейбарыс және Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан демалыс орнының сыйқы адам шошырлық көріністе тұр.  Отандық сәулетші-дизайнер  Елзат Мұқаш Қызылорда қаласына жасаған сапарында бірқатар саябақтарды арнайы  шолу жасап, жағасын ұстағандығын жеткізді. 


Аталмыш саябақты сынға алған дизайнердің айтуынша, Қазалы ауданының әкімі М.Н.Ергешбаевтың   Қызылорда қаласына тарту еткен портреті еріксіз күлкіңді келтіреді. Бейне бір Қазалы ауданынан  қоқыстарынан жасалған  секілді. Және де, бұл портреттен не іздесеңіз соны табуға болады. Мысалы, акрил, пластмасса, қоршау заборларынан бөлек, үлкен тасты да кезіктіре алатындығыңызды да атап өткен болатын. 

Сонымен қатар, сәулетші-дизайнер Елзат Мұқаш, «Негізінен Қызылорда қаласының әкімдігі бұл орынды саябақ ретінде жасағысы келген. Адамдар демалатын орында күндізгі күні күннен не қорғайды деп ойлады екен. Жайқалып өскен талдар, я болмаса күннен қорғап тұратын скамейканың төбесінің жоғы бір бөлек, тіпті асты да  қатырылмаған, тіпті  бір-екеуі құлап жатыр», -  дейді.

Расында, саябақтың  қақ ортасында Сырдария көпірінің макеттін кезіктіруге болады. Демалыс орында үлкен-кішілі құмыраларды да кезіктіруге болады. Бір қызығы, Қызылорда қаласының тазалықшылыры осы құмыралардың  ішіне назар аудармағаны ма?  

«Біз тұрған саябақта Сырдарияның кішігірім макетін салып қойыпты. Мен қазір сол макеттегі көпірдің үстінде тұрмын. Оператор көрсетші. Тіпті бір түп ағашты да кезіктіре алмадым», - деп күлді дизайнер

Осы орайда, қалалық әкімшілік бөлім мамандары
«Қазалы ауданының сыйға тартқан саябағындағы кемшіліктерді, олқылықтарды қала жастарының бұзақылық әрекеттерінен кейін орын алған жағдай. Алдағы уақытта қаржы қарастырылып, қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деді.


Ал, қала тұрғындары да аталмыш демалыс орнының қолайсыздығы мен арнайы орындықтардың жел болса қозғалатындығын, енді бірі темір-терсек өткізетіндердің қолында кете ме де қорқатындар да табылды 
«Осыны көпір деп ойлап салған адамныңда жеткен жері екен. Мынаны қалай көпір дейсің, тіпті аттап өтетін арық деугеде ауызың бармайды екен. орындықтары да бекітілмеген, сапасыз», - дейді  қала тұрғыны Ерсұлтан Маратұлы


Қарт қаламның қазынасын саны көп сапасы жоқ, «демалыс орны» деп ауыз толтырып атауға келмейтін көзбояушылық дүниелермен толтырудың қажеті қанша? Алайда, алдағы уақытта Қызылорда қаласының әкімдігі аталмыш «сыйды» ретке келтіреді деген үміттеміз.


АЙБАР