Алматыға Минсктен келген ұшаққа "бомба қойылған"

294

Алматыға ұшып келген Belavia ұшағына бомба қойылғану туралы ақпарат келіп түскен. Бортта барлығы 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Алматы әуежайының электрондық поштасына Минск – Алматы бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.

Бортта 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақ әуежайға 3:59-да аман-есен қонды.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі ұшаққа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскеннен кейін төтенше жағдай жоспарына сәйкес кешенді тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.
Әуе кемесіне мина қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.