«Пандемия біткенге дейін»: Қытай полициясы паспорттарды тартып алып жатыр
232
Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясының полициясы жергілікті тұрғындарға паспорттарын полицияға тапсыруды бұйырды деп жазды turkystan.kz RFA-ға сілтеме жасап.
Қытайдың Орталық Хунань провинциясында әлеуметтік желілерде жұмыс берушілерге барлық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің паспорттарын тапсыру туралы Полиция департаментінің хабарламасы тарады. Хабарламада паспорттардың пандемия аяқталғаннан кейін қайтарылатыны жазылған.
Хунань провинциясының офицері хаттың шынайылығын растап, шараның бүкіл елде жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Айта кету керек, Қытайда елден көшкісі келетіндердің саны күн сайын артып келеді. WeChat және Baidu іздеу жүйесінде «Канадаға эмиграция критерийлері» бойынша кілт сөздерді іздеу соңғы айда 3000 пайызға дейін өсті. Оның ішінде іздеулердің көпшілігі COVID-19 болуына байланысты қатаң шектеулері бар қалалар мен провинцияларда шоғырланған. Мысалы, Шанхай, Цзянсу, Гуандун және Пекин сияқты қалаларда.

«Ресми талаптарға сәйкес, пандемияға байланысты паспорттарды тапсыру керек. Тек жұмыс берушісі бар адамдар емес, паспорты бар адамдардың барлығы тапсыруы қажет. Бас тартқан жағдайда тергеуге дайын болуы тиіс», – деді полиция қызметкері.