Қазақстанда жыл сайын қанша адам жыныс ауыстырады?

282
Қазақстанда жынысты ауыстыру бойынша жыл сайын үш-төрт ота жасалады, деп хабарлайды Opennews.kz
ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы белгілі қазақстандық пластикалық хирург Леон Дерябин айтып берді. 

Жынысты ауыстыру ең қиын пластикалық хирургияның бірі саналады. Ер адамның әйел және әйелдің ер адам болып толықтай өзгеруі бірнеше кезеңде өтеді және мамандар тобының күш-жігерімен жүзеге асады. Операциядан кейін ұзақ уақыт қалпына келтіру жұмысы қажет. Сонымен қатар, жынысын ауыстырғысы келетін науқас операция үшін қомақты сома төлеп, құжаттарын ауыстыруы керек.

"Жынысты ауыстыру операциясы өте күрделі, жыл сайын орта есеппен 3-4 адам жүгінеді. Паспорт деректерін өзгертіп, оңалтудың ұзақ кезеңі қажет. Бұл тек хирургтің емес, сонымен қатар дұрыс гормоналды баптауды таңдайтын эндокринологтың жұмысы. Барлық пластикалық отаның құны әртүрлі, бәрі қойылған міндеттерге байланысты, әрине, барлық ота қымбат", - дейді пластикалық хирург.

Қазақстандағы пластикалық оталардың танымалдығы бойынша алғашқы үштікті әйелдерге арналған процедуралар құрайды. Бұл периорбитопластика - бұл көз айналасындағы жасарту әдістерімен біріктірілген блефаропластика, маммопластика - сүт безін үлкейту және липосакция.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.