QazaqGaz компаниясының 7 жылдағы шығыны 587 миллиард теңгені құрады - сенатор

286

QazaqGaz ұлттық компаниясының соңғы жеті жылдағы шығыны 587 миллиард теңгені құрады. Сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, компания қызметінің ашықтығына қатысты сұрақтар туындап жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Бүгінде соңғы жеті жылдағы шығыны 587 миллиард теңге болған QazaqGaz ұлттық компаниясы қызметінің ашықтығы мен тиімділігіне қатысты сұрақтар туындап отыр. Бұл ретте компанияның шығыны төмен тарифтермен ғана емес, сонымен қатар қазіргі басқару үлгісінің жетілмегендігіне де байланысты екенін түсіну керек. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілген QazaqGaz аудитінің нәтижелерін ескере отырып, газ нарығын басқарудың ықшам үлгісін құру бойынша шаралар қабылдау қажет", - деді Сұлтанов Үкімет сағатында.

Депутаттың айуынша, QazaqGaz және оның "Интергаз Орталық Азия" АҚ, "ҚазТрансГазАймақ" сияқты еншілес ұйымдарының функцияларын қайта қарау ұсынылады. Оның айтуынша, олардың қызметі де көптеген сұрақ туғызады.


"Мысалы, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, QazaqGaz басым құқық шеңберінде сатып алатын тауарлық газдың 90 пайызын "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жүзеге асырады. Ол өз кезегінде жұмыс көлемінің 70 пайызынан астамын сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берді. Бұдан басқа, тарату желілерін салу кезінде "ҚазТрансГазАймақ" АҚ ағымдағы жылы нарықта жоқ бір компанияға жұмыс көлемінің 70 пайызын берді және бұл жұмыстарды "ҚазТрансГазАймақ"АҚ өзі орындайды. Сондықтан бәсекелес ортаның болуы және QazaqGaz және "ҚазТрансГаз Аймақ" сатып алуларына бөгде ұйымдардың тең қолжетімділігі туралы айтудың қажеті жоқ. Сондықтан аталған фактілер оларды тез арада шешу бойынша шаралар қабылдауды талап етеді деп есептейміз", - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.