Қызылордада болған қатты дауыл әкімдік шатырын ұшырып әкетті

372
Қызылордада қатты дауыл соғып, әкімдіктердің шатырын ұшырып әкетті,-  деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысына қарасты  Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың шатырын ұшып әкетті.

21 мамырда ауа-райының қолайсыздығынан бірқатар нысандардың шатыры мен қоршауларына қатты зақым келді. Қызылорда облысында шаңды дауыл мен күшті желдің соғуы орын алған болатын. Алайда, Шиеліде 4 мектеп пен 1 колледж, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылындағы әкімдік, Жаманбай ауылдық клубы ғимараттарының шатыры ұшып кеткен. 

Сондай-ақ, сол аудандарда электр желісі үзіліп, бірнеше елді мекендер жарықтан ажыратылғандығы да белгілі болды. Бүгінде электр желісін қалпына келтіру толық аяқталды. Оқиға орнында арнайы мамандар мен ехникалар шұғыл түрде жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. 

Қазіргі таңда қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, аталған мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында болатындығы аталып өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.