Жаңа туған нәрестені құлатып алды: Атырауда перзентхананың бас дәрігері қызметінен кетті

262

Жаңа туған нәрестені құлатып алу жағдайынан кейін Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қазбек Ермағамбетов қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com 

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуованың «Мой город» басылымына айтуынша, Қазбек Ермағамбетов басшы қызметінен кеткенімен перзентханада жұмыс істеуге қалды.
Еске сала кетейік, Атырауда баланың анасы басқа босанған әйелдермен бірге рентгенге шақырылған. Сол кезде әлі босанғаннан соң оңала қоймаған, әрең қозғалып жүрген әйел палатада балаларды қарауға қалады. Кейін әйел әлсіреп, ауырып, баланы жерге құлатып алған.


Бала мен анасы әлі орталықта. Бірақ олар реанимацияда емес, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде жатыр. Сәбидің гипоксиялық ишемиялық зақымдануы бар. Дегенмен ол құлау оқиғасына емес, жүктілік пен босану үрдісіне байланысты, – деді Жанар Сәдуова.


Денсаулық сақтау басқармасының жұмыс комиссиясының тексеру қорытындысына сай кезекші дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.