БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды

261

Фото: polisia.kzБатыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ол электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Бала облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.

Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Мамандар жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр.

Қазіргі таңда еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті.

Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төндіріп отыр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады. Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.