Полицейлер Қазақстанда көліктерді заңсыз тіркеді деген күдікке ілінді

226

Ішкі істер министрлігі Қазақстанға көрші елдерден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеуге қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр. Бұл туралы брифингте ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Фото: polisia.kz 

Ішкі істер министрлігі заңсыз әрекеттерге барған полицейлерді анықтау үшін түбегейлі шаралар қабылдап жатыр. Қазір ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасы еліміздің жеті облысында көршілес елдерден әкелінген көліктердің Қазақстанға заңсыз тіркелуі бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр,- дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.


Ведомствоның мәліметінше, кейінгі үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркеліп, мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам шығын келген.


Мысал ретінде олар Шымкентте ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің арнайы операциясын келтіріп, нәтижесінде көрші елдерден әкелінген көліктерді кедендік баж, қайта өңдеу және мемлекеттік баж салығын төлемей заңсыз тіркеу схемасының жолы кесілді.


Сот санкциясымен қалалық Полиция департаментінің процессингтік орталығының екі қызметкері қамауға алынды. Тек Шымкентте Қазақстанда заңсыз тіркелген 53 көліктен мемлекетке 320 миллион теңгеден астам шығын келтірілген,- деді Шұғыла Тұрлыбек.


Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, қылмыстық топқа процессингтік орталық қызметкерлеріне жақын адамдардан делдалдар, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «көмекшілер» деп аталатын адамдар мен жалған сенімхаттар берген нотариустар жатады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.