Павлодарда ер адам қарызын қайтармаған әйелге көшеде нәжісін лақтырған

1 132

Фото: Istock.comПавлодар тұрғыны көшеде әйелдің үстіне нәжісін шашқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Павлодарда Аймауытов саябағында ер адам нәжісін пакетке салып, таныс әйелдің бетіне лақтырған.  

Сөйтсе әйел оған қарыз екен, ер адам ақшасын күте алмай, осылай өшін алған.

"Ер адамның жеке басы анықталды, ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылып, ісі сотта қаралды. Сот шешімімен оған 14 АЕК (51 688 теңге) айыппұл салынды", – деді Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.