Таудағы қайғылы сапар бір адамның өлімімен аяқталған

1 506

Фото:© Скрин/ТЖМОқиға Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында, теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан Шүнкілдек асуында болған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысында құтқарушылар тауда қиын жағдайда қалған азаматты эвакуациялап, көз жұмған ер адамның мәйітін төмен түсірген. Ведомствоның хабарлауынша, тауда жүрген ер адам құтқарушыларға хабарласып, жанындағы серігінің денсаулығы күрт нашарлап, қайтыс болғанын айтқан. Сонымен қатар өзінің де жағдайы төмендеп, таудан өз күшімен түсе алмайтынын жеткізген. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылған. 

Құтқару операциясы барысында 1993 жылы туған ер адам тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізілген. Оны дәрігерлер тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсеткен. Госпитализация қажет болмаған. Құтқарушылар 1978 жылы туған ер адамның мәйітін таудан алып түскен. Алдын ала мәліметке сәйкес, оның өліміне денсаулығының кенеттен нашарлауы себеп болған. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға тауға шығар алдында жақындарына бағытын хабарлап, ауа райы болжамын алдын ала тексеруге кеңес береді. Сонымен қатар өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, жеткілікті ауыз су, дәрі қобдишасы және қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүрудің маңызын еске салады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.