Нұр-Сұлтанда бойжеткен жүк тиегішті ұрлап әкетіп, жол апатын жасады

307

Фото: видеодан скриншотНұр-Сұлтанда 25 жастағы бойжеткен ZL-30 маркалы фронтал тиегішті айдап әкетті.

Жүк тиегіштің жүргізушісі полицияға ұрлық туралы хабарлап, белгісіз біреу автотұрақтан құрылыс компаниясына тиесілі ZL-30 тиегішін айдап әкеткеніне шағымданады.

Тәртіп сақшылары түнде жүргізуші таныс бойжеткенді үйіне шақырғанын анықтады. Ер адам дастарқан басында ішімдік ішіп, мас болып қалған. Бойжеткен оның ұйықтағанын күтіп, кілтті алып, жүк тиегішті айдап әкеткен. 
Бойжеткеннің ұрлығы бақылау камераларына түсіп қалған. Бойжеткен түнде қалада қатты жылдамдықпен жүріп, жолдарда қауіпті маневрлер жасаған.

Сонымен қатар, ол Брусиловский көшесінде жол апатын жасап, Mercedes автокөлігіне зақым келтірген. Қыздың түнгі саяхатын патрульдік полицейлер тоқтатты.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бойжеткеннің көлік құралын жүргізуге рұқсат беретін куәлігі жоқ болған. 
Ұсталған 25 жастағы бойжеткен полиция бөліміне жеткізілді. Ол арнайы техникамен қыдырғысы келгендіктен осындай қадамға барғанын айтты. Тергеу жүргізілуде