Бір ауылдың 165 тұрғынын жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер
Қармақшыда кәсіпкер бір ауылдың 165 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінде Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылында 165 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Тұрмағамбет» ЖШС-і туралы айтпақпыз.
2004 жылы құрылған серіктестік негізі күріш егумен айналысады.
Биылдың өзінде 1700 гектар жерге күріш еккен. Сондай-ақ, жаздық бидай, жоңышқа, мақсары да өсіреді.
Біздің сауалдарымызға жауап берген серіктестіктің қызметкері Бағдәулет Зайыров жоғарыда айтқан өнімдерден өзге макаронның 5 түрін, сүт өнімдерінің де түр-түрін әзірлейтіндерін жеткізді. Сонымен қатар, қоршауға арналған сетка шығаратын шағын цехтары да бар.
Ал макаронды серіктестік ауданның ішінде сатады. Әуелі жұмысшылардың сұранысынын толық қамтып, содан кейін барып дүкендерге орналастырады екен.
«Тұрмағамбет» ЖШС-і алдағы уақытта пескоблок, газоблок шығаратын шағын цех ашуды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, статистикалық ақпарат бойынша, осы жылдың 1 шілдесіне дейін облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59 023-ке жетті.
Ал кәсіпкердің өніміне қатысты сауалдарыңыз болса мына нөмірге хабарласа аласыздар: 8 705 723 50 90.