Павлодар қаласында ер адам 20 жастағы қызды кірпішпен ұрған

242

Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.


Фото: pixabay.comПавлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері күдікті ретінде 27 жастағы ер адамды ұстаған.

"Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов. 


Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Павлодар қаласының орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын. Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде кірпішпен шабуылдаған адамға қатысты шара қолдануды сұраған. Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктінің жеке басын анықтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.