Полиция қызметкерін аяусыз соққыға жыққан бұзақылар сотталды

1 507

Фото: ©ЖИ арқылы жасалдыҚазақстанда енді полиция қызметкеріне шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі қатаңдатылатын болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеті, ал оны орындау заңдылықты қатаң сақтаусыз және билік өкілдеріне құрмет көрсетусіз мүмкін емес. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық білдірудің кез келген әрекеті, әсіресе оларға қатысты күш қолдану қоғамдық құрылымның негіздеріне нұқсан келтіреді және ең қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.

Атырау облысында бір топ азамат қоғамдық орында спирттік ішімдік ішіп, жанжал шығарған. Оқиға орнына шақырту бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін полиция қызметкері барған. Билік өкілінің заңды талаптарына бағынудың орнына, құқық бұзушылар оған қатысты физикалық күш қолданған. Ағаш зат пен тастарды пайдалана отырып, олар полиция қызметкеріне соққы беріп, ауыр жарақаттарға – көз шарасы мен жағының сынуына әкеп соққан.

Сот қылмыскерлерге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Бас прокуратура бұл жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп тауып, енгізілген кассациялық наразылық бойынша шешім қайта қаралып, сотталғандардың жазасы нақты бас бостандығынан айыруға өзгертілді.

Бұл прецедент қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қол сұққаны үшін жазаның бұлтартпастығы принципін растайды», – делінген ІІМ хабарламасында.