Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен студенттің денесі табылды

354

Батыс Қазақстан облысында 4 күн бұрын жоғалып кеткен Ерасыл Төлеуғалидің денесі табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.


Фото: polisia.kzОблыстық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 18 жастағы студенттің денесі өзен суынан табылған.

"25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидің денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен тапты. Ол суға киіммен түскен", – делінген хабарламада.


Еске салсақ, колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектесуді ұйғарған. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алысырақ айдауға алып шыққан. Артынан інілерін үйге қайтарған ол сол күйі қайтып келмеген.

Жігіт 25 тамызда Оралға оралуы керек болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.