Алаяқтық қылмыс туралы

418

Фото: pixabay.comҚоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қалалық полиция басқармасымен 2022 жылдың 8 айында атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде, қала көлеміндегі қалыптасқан қылмыстық ахуал тұрақты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Дегенмен, Алаяқтық қылмысының тіркелуі 2022 жылы жалпы 527 іс өндірісте болып, былтырғы жылмен салыстырғанда 42 іс 8,6 пайызға жоғарылаған. (2021 ж –  485 іс). 


Оның ішінде, әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық (ақша табу, несие алып беру, ақшаны 2 есе көбейту туралы, ОЛХ, Инстаграм, Колеса, Банк қызметкері,) 285 іс тіркеліп, (2021 ж –  256 іс).   29 іске – 11,3 пайызға төмендеген. 


Қазіргі уақытта, ең көп тіркеліп жатқан алаяқтық қылмыстарының ішінде әлеуметтік желі арқылы көп пайда табу, ақшаны еселеп беру немесе азаматтардың сыртынан онлайн несие алу, колеса, инстаграм, ОЛХ болып отыр. 


ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ:


1. Ұялы телефон арқылы балаңыз полиция қызметкеріне ұсталып тұр, балаңызды шығарып алу үшін телефонды тұтқаны қоймай, үнемі сөйлесіп отыру арқылы, жақын мандағы терминалға барып, алаяқтың айтып отырған   есеп шотына ақша аударып алу деректер орын алуда. 


2. Алаяқтар Казпочта сайты арқылы Сіздің ұялы телефон құрылғыңызға сілтеме жіберу арқылы банк карта мәліметтерін толтыруды сұрайды, картаның алдыңғы жағындағы 16 саны туралы мәліметтері мен соңғы жағындағы СVV құпия 3 саны туралы мәліметтерін толтыртып ақша шешіп алады, бұндай алаяқтар ОЛХ желісінде хабарлама шығарған адамдардың затын казпочта арқылы курер алып кетеді деп сендіреді.

3. Алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп Сіздің банк шотыңызға шабуыл жасалып жатыр, ешкімге айтпаңыз деп әртүрлі қорқыту сөздерін айтып өзіңізге онлайн несие рәсімдетіп басқа есеп шотқа аудартып алады, осы кезде ұялы телефоныңызға келген СМС кодтарды сұрап соның арқасында сіздің ақша қаражатыңызды аударуға мүмкіншілік алады. Осындай жағдайлар кезінде AnyDeck қосымшасын Сіздің ұялы телефон құрылғыңызға жүктеуді сұрап, жүктеген жағдайда қашықтықтан ұялы телефоныңызды басқарып банк қосымшаларын басқарып онлайн несие рәсімдеп ақша қаражаттарын аударып алып жатады. 


4.«Ватсап» және «Инстаграм» желісі арқылы чаттар ашып салған ақшаңызды 30,50% көбейтіп береміз деп жарнама жасап, ол үшін алдын ала төлем салу керек деп халықтан ақша жинап, жарнама берген парақшаларын жауап тастайды. 


5. Шетел компаниялары арқылы 2% пайыздық үстемақымен несие алып беремін деп «Инстаграмм» желісі арқылы жарнама жасап, оны алуға алғашқы төлем ретінде ақша аудартып алу.


6. «Колеса.кз» желісі арқылы автокөлік пен автокөлік құрылғыларын сатамын деп нарықта сатылып жатқан бағадан төмен баға көрсетіп отырып,  автокөлікті шұғыл түрде алу үшін алғашқы төлем ретінде ақша аудартып алу.


7. Халықтың жоғалтып алған жеке куәліктері немесе жақындары сеніп берген жеке куәліктері арқылы шағын несие ұйымдарынан онлайн түрде несие рәсімдеу арқылы орын алуда. 


Қылмыстық істерге талдау жүргізу барысында, несие беріп отырған мекемелердің барлығы Алматы қаласында орналасқан «Кредит24», «Онлайн Финанс», «Займер», «Выгодный кредит» тағы сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері екені белгілі болды


Тіркеліп жатқан барлық алаяқтық қылмыстарына талдау жасалып, қылмыстың алдын алу мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.


Балаңызды полиция ұстап тұр, оны шығарып алу үшін ақша аудару керек деген қылмыстардың ізін суытпай ашу бағытында жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, қазіргі   таңда ҚПБ-мен осындай қылмысты жасаған 17 дерек қатысы бар деген күдікті адам ұсталып қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 
Аталған серіктестіктер тарапынан несие рәсімдеуде біршама кемшіліктерге жол беретіні анықталып, оны жою бағытында және серіктестіктердің қызметіне уақытша шектеу қоюға Алматы қаласының Әділет Департаментіне, тиісінше серіктестіктердің басшыларына қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының талабына сай ұсыныс жолдануда.

Осы орын алып жатқан алаяқтық қылмыстарының түрлеріне байланысты, жергілікті халықты құлақтандыру мақсатымен 2022 жылдың басынан бастап «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам ТВ» телеарналарынан алаяқтықтың алдын алу жөнінде видеороликтер көрсетіліп, «Алаяқтардан сақ болыңыз» тақырыбында бірнеше мәрте сұхбаттар берілген. 


Одан бөлек, халықты құлақтандыру мақсатында, «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілеріне күн ара алаяқтың түрлеріне қатысты үздіксіз бейне роликтер мен жазбаша мақалалар шығып, жариялануда. 
Дегенмен, алаяқтықтың осы әлеуметтік желі арқылы азаматтарды алдап, сендіру арқылы жасалған қылмыстар халық арасында белең алуда.    


Осыған орай, осы тектес қылмыстарды алдын-алу мақсатында тергеу органымен барлық байланыс құралдары арқылы қала тұрғындарына хабарлап, сондай-ақ өзімнің тарапымнан азаматтарды жеке қабылдауыммен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құзырлы орындарға ұсыныстар берілуде. 

"Құрметті қала тұрғындары өздеріңіздің қаржылық сауаттылықтарыңызды арттыра отырып, осы тектес қылмысқа немесе күмәнді мән-жайларға тап болған жағдайда сенім білдірмей қала аумағындағы тиісті банк қызметкерлерімен кездесіп, мән-жайды түсіндіре отырып кеңес алуға, ұялы телефон арқылы банк атынан хабарласқан күмәнді тұлғалармен байланысқа түспей өздеріңізге тиесілі жеке мәліметтеріңізді жарияламауға, қажет болған жағдайда полиция қызметкерлеріне жүгінуге шақырамын",- деді  ҚПБ криминалды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Құрбанов Айдарбек Иманбердіұлы