Павлодар қаласының тұрғыны жыныс мүшесін көрсетемін деп бәлеге қалды
Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылында ер адам ерсі әрекеті үшін бір аптаға қамауға алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ол шалбарын шешіп, өзінің жыныс мүшесін көрсеткен.
Полиция әлеуметтік желіде тараған видеоны көріп, тәртіп бұзушыны ұстады. Осыдан кейін Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы өтініш келіп түсті.
Әйелдің айтуынша, көрші үйде тұратын ер адам балаларына ұрысқан. Одан кейін шалбарын түсірген. Келіншек көршісіне ескерту жасаған. Осы кезде мас ер адам тағы шалбарын шешіп, жыныс мүшесін көрсеткен.
57 жастағы ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды. Бүгін сот қаулысымен оны 7 тәулікке әкімшілік қамауға алды.