Жүргізуші куәлігін аламын деп ақшасынан айырылды

301

Фото: https://www.drive2.ru/b/2514661/Шымкент қаласында 7 қыркүйек Абай АПБ-на қала тұрғыны арызданды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бейтаныс әйел жүргізуші куәлігіңді жасап беремін деп сеніміне кірген. 22 жастағы азамат оған 140 мың теңге ақшасын беріп, соңында “ізін суытқан”.
Жарты жылдан кейін құрғақ уәдесіне тойған тұрғын полицияға жүгінді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс шараларын жүргізді.
Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматша оңай жолмен ақша табу мақсатында жәбірленушіні алдап, арбауына түсірген.
Алған ақшаны жеке басының пайдасына жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.