Прокурорлар 7,5 миллион теңгеге өздерінің портретін салуға тапсырыс берген

562

Фото: ҚР ПрокуратурасыТүркістан облысы прокуратурасы 7,5 миллион теңгеге 22 прокурордың портретін салуға тапсырыс берген деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстанның Бас прокуроры және Түркістан облысының прокуроры болған лауазымды тұлғалар бейнеленген портреттер майлы бояумен салынады.


Мемлекеттік сатып алу порталында 7 қыркүйекте жарияланған лотты жеке кәсіпкер ұтып алған. Техникалық ерекшелік бойынша тапсырысты орындаушы әр портрет өлшемін 70-те 50 сантиметр, жақтау қалыңдығын 5 сантиметр етіп жасауы қажет. Әрі әрқайсының жоғарғы жағына прокурорлардың есімін алтын түсті, латын қарпімен жазуы тиіс. Миллиондар жұмсалатын суреттер қазанның бесі күні дайын болуы шарт. Алайда Түркістан облысы прокуратурасындағылар бұл қаражат түгелдей бұрынғы бас прокурорлардың кескінін бейнелеуге емес, тарихи қаланың көрінісін суреттеуге жұмсалады деді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.