Мектепке бомба қойылды

284
Атырауда мектепке «бомба қойылған» деген ақпарат түсіп, 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп директоры бүгін, 12 қазанда білім ордасында жарылыс болатыны туралы ақпарат алған. Ол бұл туралы полицияға хабар берген.

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасалатыны туралы ақпарат алғанын хабарлаған. Соған сәйкес полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, аталған мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазір мектеп ғимаратын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.