Кеш өткізген әншіге көрермен қыз екінші әйелі болғысы келетінін айтты

411
Отандық танымал рэпер Амангелдi Жақаудың туған жері Ақтаудағы кешінде көрермендердің арасынан бір қыз атып шығып, екінші әйелі болуға өзі ұсыныс жасаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К. ға сілтеме жасап

"Нар тәуекел айтайын, достарыңыз бен көрермен куә болсын. Қазақтың қарапайым сұлу қызын екінші әйел ретінде тоқалдыққа аласыз ба? Жүрегімнің иесі боласыз ба?"дейді сахнаға шыққан бойжеткен.

Ол осы ретте екі шарты бар екенін айтты. Егер бастары қосылып жатса, ұрыс-керіс бола қалса, өзі туралы ән жазбау керектігін жеткізді. Сосын "осындай кеш өткізуді, рэп айтуды қоясыз" деді.

"Қытайға тигенше осы дұрыс-ау", "Ертең Тәуекелге Мүсілімге барып мен де айтпасам", "Ақыр заман келсе, су артылады, қарап тұрған жігітке қыз артылады деген", "Айтарға сөзім жоқ", "Өзге ұлтқа шыққаннан осы дұрыс", "Жақау бауырым, жарайсың!"деген сарындағы пікірлер жазылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.