59 жастағы әйел өз үйінде өлі табылды

275

Атырауда 59 жастағы әйел өз үйінде өлі табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Департамент мәліметінше, қылмыстық оқиға 19 қазанда таңғы сағат 07:45 шамасында болған.

«Атырау қаласының Өркен шағынауданында орналасқан жеке үйде әйелді буындырып өлтіріп кеткен. Жасы 59-да. Осы дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Қазір полиция қызметкерлері адам өлтірген күдіктіні анықтау, ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп жатыр. Оған Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдарын департаменттің жедел тергеу тобы жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, күдікті үйден алтын бұйымдарды, ақша мен өзге де заттарды ұрлап кеткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.