Қызылордада интимдік қызмет көрсететін жігіттердің саудасы қызып тұр

7 773
Елімізде әлеуметтік желілер арқылы тән саудасын ұсынатын ер азаматтар көбейген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Осыдан бірнеше жыл бұрын еркектердің жеңіл жүріске салынуы біртүрлі құбылыс болса, бүгінде жыныстық қатынастың коммерциялық нарығы қыздармен қоса жігіттердің қызметімен толықты. 
Қызылордада еркектер жезөкшелігі қаншалықты кеңінен таралған кәсіп екенін жақында анықтап көрген едік. Ақшаға сатылатын еркектер туралы ақпараттық сайттар бар. Оған тіркелгендер қатары жетіп-артылады, бәсекелестік қызып тұр. Онда жүктелген суреттерде көбінің бет-жүзі емес, бұл мамандықтағы ең маңыздысы — дене, жыныс мүшелерінің бейнесі. Сондықтан болар «жұмыс құралының» өлшемі, ұзындығы нақты көрсетілген.



Мәселен, бір сайттың өзінде 500-ден аса еркек жезөкшелер интимді қызмет көрсетеді екен. Әсіресе, 20 мен 40 жас аралығындағы жеңіл жүрісті жігіттер. Интимдік қызметінің сағатын саудалайтын жігіттер сан түрлі  қызмет түрін ұсынады. 


- Саламатсыз ба. Бұл Азамат па екен?
- Иә, иә...
- Жарнамаңызды көріп, интим услуга бойынша ғой
- А иә, иә. Кешке босаймын тек қана. Сізге қандай услуга керек?  “Контакт” 6 мың теңге, сағатына 12мың теңге. Массаж және 30 минут “контакт”. Сізге сағатына керек пе?
- Иә, сағатына керек.
- Сағат нешеге керек? Жазып қояйын сізді.
- Кешкі 9-да.
- Сізге барайын ба, әлде келесіз бе?
- Мекен-жай айтасыз ба?
- Осы нөмірде ватсап бар, соған жазыңыз, мекен-жайды жіберемін. 
- Ауру жұқтырып алмаймыз ба?
- Жоқ. Мен күнде сутегімен өңдеймін, мүшеқап қолданамын. Менің бұл салада тәжірибем мол.
 Уайымдамаңыз денсаулық өзіме де керек.


Бұл тілші мен қызметін ұсынған қызылордалық жігіттің арасындағы әңгіме. Әлеуметтік желіде тәнін саудалайтындардың прайсы тайға таңба басқандай жазылып тұр. Мәселен, олар өз үйінде қабылдайтын болса 6-20 мың теңге аралығы, ал өзі баратын болса 25-30 мың теңге. Тіпті тегін қызмет көрсететіндері де кездеседі екен. 




Өз тәнін саудаға салатын жігіттердің көбісі бұл кәсіппен қосымша табысы ретінде айналысатын болса, негізгі жұмыс ретінде күнін көріп отырғандар да бар. Біз оны жезтабан жігіттермен әңгімелесу барысында анықтадық.


Ең сорақысы хабарласқан қыз-келіншектер үшін жыныс мүшесінің
 көлемі маңызды екен. Көбіне 30 бен 50 жас аралығындағы әйелдер қызмет алатындығы белгілі болды. 

Ақша не істетпейді?! Еркектер жезөкшелігінде жаға ұстататын нәрсе – жезөкшелікпен айналысатын жігіттердің көпшілігі әйел, еркек деп таңдамайтын сыңайлы. Яғни, сайт, газеттердегі жарнамалардың тең жартысынан астамы екі жыныстыларға да қызмет көрсете береді және олар өзіміздің қазақ жігіттері. Әсте, хабарласатындардың арасында отбасылық жұптар, «көгілдірлер» де бар. Олар жақсы төлейтін көрінеді.
Жезөкше жігіттердің көбі жалға алған пәтерлерде, «клиентінің» үйінде, қонақ үй, сауналарда қызмет көрсетеді. Олар табысының көлемі жағынан жеңіл жүрісті қыздардан қалыспауда. Жезөкше еркектер арасында «жеңгетайлық», «зинақор жігіттер ұясы» деген де жоқ. Себебі, еркектердің көбі дербес, жалғыз «жұмыс істейді».




Расында, қызылордалық жігіттерді сайттан көргенімізде төбемізден жай түскендей болды. Атпалдай азаматтарымыздың төмен дәрежеге түсуіне не себеп? 


Бұл - үлкен қоғамдық мәселе.  Ондай еркектердің жалпы қазір көбеюі сұраныстың барына байланысты. Тіпті тұрмыста болса да, басқа бір қызықты нәрсе қалаған азаматшалар бар. Жыныстық қарым-қатынастан ләззат алу, әртүрлі серіктестермен бірге болу сияқты қызығушылықпен өткізеді, - дейді психолог Гүлвира Ерболқызы. 


Абыройлы да айбынды азаматтарымыздың қатары азаймасын деп тілейік.