Емізіп отырып ұйықтап кеткен әйелдің сәбиі көз жұмды

1 518

Фото: Opennews.kz ЖИАқмола облысында абайсызда сәбиінің өліміне себеп болған әйел сотталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облыстық сотының мәліметінше, айыпталушы әйел қонақта ішімдік ішіп, үйіне мас күйде келген. Әйел түнде баласын емізіп отырып ұйықтап кеткен.
Оянған кезде әйел баласында тіршілік белгілері жоқ екенін байқаған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың тұншығудан көз жұмғанын анықтады.

Прокурор айыпталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының шын жүректен өкінуді жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қылмысты мас күйде жасауын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

Сот үкімімен әйелге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.