Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке салған қылмыстық топ ұсталды
220
Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке салған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Тамызда Шымкентте адам саудасымен, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен айналысқан 11 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді.Олардың 23 қылмыстық іске қатыстылығы дәлелденіп, 18 жәбірленушінің, алтауы кәмелетке толмағандар екені анықталды. Күні кеше ғана адам саудасымен айналысқан тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді", - дейді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.
Адам саудасына қарсы форумда ол жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ден аса қылмыс соталды тергеуге тіркелетінін түсіндірді. 2019 жылы - 182, 2020 жылы - 111, 2021 жылы - 103, биыл 9 айда - 79 тіркелген.
"Адам саудасымен айналысатын ұйымдасқан топтардың, оның ішінде трансұлттық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолы кесіліп жатыр. 2019 жылы құқық қорғау органдары екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, 2020 жылы - 1, 2021 жылы - 2, 2022 жылы - 6.
Біздің азаматтарды Бахрейн Корольдігіне, Оңтүстік Кореяға және басқа елдерге қанау мақсатында әкететін арналар жойылып жатыр", - деді Нұрмағамбетов.
Біздің азаматтарды Бахрейн Корольдігіне, Оңтүстік Кореяға және басқа елдерге қанау мақсатында әкететін арналар жойылып жатыр", - деді Нұрмағамбетов.