Сегіз қырлы, бір сырлы «BUSINESS WOMEN»

459

Фото: Жеке кәсіпкер Сарсенбаева Шаттық БерікқызыҚолынан іс келетін, идеясы мықты әрбір адам өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп алып кетуі әбден мүмкін. Кез келген кәсіпті ашып, өзінің ынтасының арқасында таза еңбектің нанын таңдайлары татып отырғандардың саны қаншама. Тіпті естіген кезде таңқалатын дүниелерді жасаушыларда аз емес. Негізі адамның талабы зор болған жағдайда барлық қамалды бағындыратынан кепілдік бере алуға мүмкіндік бар. Кей адамдарда жаңа тың дүниені ашу өсе келе пайда болса, кей жандарда туа бітті дарыны болады. Бүгінгі біз сұхбаттасқалы отырған жан да өз кәсібін дөңгелетіп ғана қоймай тынбай еңбек етуде. Жеке кәсіпкер Сарсенбаева Шаттық Берікқызы бүгінде сегіз қырлы бір сырлы десек артық айтқанымыз болмас. 
-Қай жылдан бастап бұл кәсіп түрімен айналыса бастадыңыз? 
- Мен тігіншілік мамандығын арнайы оқып тәмамдағанмын. Бұл кәсіпті 2008 жылдан бастап қолға алып жасап келемін. 
Бастапқыда мемлекеттен қандайда бір қаржылай көмек алдыңыз ба?
-Кім болса да іс бастамас бұрын барлығын топшалап, көз алдынан өткізіп жоспар құрады емес пе. Сол секілді менде бастағалы отырған жұмысымды әбден ой елегінен өткіздім. Жасаймын деп тұрған адамның қолынан бір күрек табылады дегендей үкіметте барлығын біздер үшін қарастырып қойған. Иә, әрине мемлекеттен қайтарымсыз грантты ұтып алып, көзімді жұмып бастап кеттім. 
-Көбінесе тауарларды қай жақтан аласыздар ?
-Тауарларды Шымкент қаласы мен Бішкектен тапсырыспен алдырамыз. Мейлінше сапалы әрі жақсы тауарларды алуға тырысамыз. 
-Ағаш бұйымдарын жасау тігінмен айналысқаннан гөрі қиынырақ секілді. Ал сізге ше?
- Бастапқыда ағаш бұйымдарын жасау үшін арнайы лазерьді жалға алып жасап жүрдім. Одан кейін көрпе – көрпеше мен жастықтарды тігуге және қол өнер бұйымдарын жасауды қолға алдым. Әрине, ағаш бұйымдарын жасау қиынырақ. Себебі, көп ұқыптылықты талап ететін жұмыс. 
-Тапсырыс қанша уақытта дайын болады?
- Қыз жасауына тапсырыс беретін болса 1 ай бұрын тапсырыс  қабылдаймыз. Жұмысы сәл жеңілдеу болса ертерек жасап беруге тырысамыз. 
-Тұрақты жұмыстан гөрі осы кәсібіңіз қолайлы ма?
-Бір айлыққа қарап, бір мекемеден шықпай немесе бір жерде отырып жұмыс жасаудан гөрі көп ізденісті қажет етемін. Жүгіріп жүріп бәріне үлгергім келеді. Бұл кәсіпті о баста ашқан мақсатым да осы еді. Қаншама қиындығы болса да қызығы көбірек. Сол үшін кәсібім өзіме әбден қолайлы. 
-Бір ғана емес түрлі қолөнермен айналысады екенсіз, барлығына қалай үлгересіз?
-Адамның ішкі түйсігі не деп сайрап тұрса сол болады. Мысалы, қолымнан келмейтін сияқты немесе шаршап тұрмын деген ойлар сананы мазаласа бір тұсынан шикілік пайда болады. Ал, бәріне үлгеремін, маған сеніп тапсырды, біткен соң жақсылап демаламын деп өз – өзін жігерлендірсе барлығы жақсы дәрежеде аяқталады. Ниетімізге қарай бәрі де болады. 
-Тапсырысты қайдан қабылдайсыз арнайы цех бар ма?
-Түрлі кәсіпті үйдің ішінде жасауға әрине қолайсыз болар. Арнайы цех бар. Тапсырыстар көбінесе көрші- көлемнен, таныстардан сонымен қатар, инстаграм желісі арқылы түседі. Қызметіміз ұнап, алғысын айтқан жандар кейде тұтынушы тауып беріп жатады. 
-Тұрақты клиенттерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Қай салада болмасын жеңілдік ұғымы жүреді. Менде өзімнің тұрақты клиенттеріме арнайы сыйлықтар жасауға тырысамын және жеңілдіктерді қарастырамын. 
-Өзіңізден бөлек қанша адам жұмыс жасайсыздар?
-Кәсібімнің дөңгелеп дамып кетуіне ықпал етіп, көмекке даяр тұратын 4 көмекші қызым бар. Сол қыздармен біріге отырып ақылдасып барлығын тындырамыз. Олардың жасаған ісі мен ұқыптылығына ризамын. 
Тапсырыстан келіп түскен ақшаны көмекшілеріңізге теңдей бөліп бересіз бе әлде айлық ретінде алады ма?
-Жұмысшылар жалақысын жасаған жұмысына қарай алады. 
-Сұқбатыңызға рахмет!
                                                                   Сұқбаттасқан: Байбөрі Әсел Бах
ытбекқызы