Хиджабты қазақтың тарихында болмаған ұлттық киім атауына қоспаңдар

419

Фото: Айгүл Елшібаева жеке сурет қорыОтандық дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хиджаб киіп жүргендер мен оны барынша насихаттап жатқандарға қатысты ойын айтты. Өнер иесі оларға деген қарсылығын ашық түрде білдіріп, бұл мәселе аясында өз жанайқайын жеткізді.

Айгүл Елшібаева хиджаб деген нәрсе қазақ халқына жат дүние деп есептейді. Әнші оны ұлттық киім атауына қоспауын сұрап, Instagram парақшасында азулы жазба жариялады. 

"Қазақ ислам дінінде болмағандай басқа жақтан дін оқыған адасқандар қазақтың ұлттық киімінен бездіріп тек жаздық климатта өмір сүретін арабтың тек құм дауылына киетін хиджабын мұсылман қазақтың тарихында болмаған ұлттық киім атауына қыстырмаңдар. 

Орамал кимешектен, жаулықтан садаға кеткір. Қағынан жеріген өзге ұлттың мәдениетіне құл болып, өз ұлтының мәдениетінен жиренген сатқындар. Алла Құранда хджаб емес бүркеніш деген. Сендерді ұлт-руларға бөлдік десе, тек араб деген ұлттың киімін ки демеген.  

Біздің Қазақстанның климаты қыс, көктем, жаз, күз болғандықтан қазақ киім үлгілеріне бай ұлт. Хиджаб деп қақсағандар қақаған қыста қағымен қатып қалмасаң, қыста неге бөрік киіп жүрсіңдер? Көшеде қыздардың шашы еркектің нәпсісін оятады дейсіңдер. Сендерге көше ылыққан еркекке толы болды ғой.

Қазақ қос бұрымды, қолаң шаш қызына орамал тақпаған. Қыз бала тақия, төбетей, келіншек - сәукеле, қасаба, жаулық, әже - орамал, кимешек киген. Алла тура жолдан айырмасын", - деп жазды әнші парақшас
ында.