Жапондық миллиардер Айға ұшатын адам іздеу үстінде

399
Жапон мемлекетінің миллиардері Юсаку Маэдзава 2023 жылы Айға бірге саяхттайтын адамдарды іздеуде. Алғашқы турист ғарышкер өзімен бірге алыс сапарға тағы 8 адамды алып ұшпақ ниетте. Осы мақсатта миллиардер байқау жариялады. Оған қатысу үшін бар жоғы екі талап орындау қажет. Біріншісі айға сапар қоғамға қандай пайда әкелетінін түсіндіру болса, екіншісі команданы қолдауға дайындығын көрсетуі қажет. Алғашқы іріктеу күні  14 наурызға белгіленген. Ал, Айға саяхаттың өзі 3 күнге созылуы мүмкін. Юсаку Маэдзава, ZOZO компаниясының негізін қалаушы: - Қазір сапарға дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Ал саяхатқа аттанатын адамдарға келетін болсақ, ғарыш кемесінде қоғамның әртүрлі санатынан болғанын қалайтынын айтты. Өзінің байқауға қатысушылармен кездесуді тағатсыздана күтіп жүрмінін мәлімдеді.