Көшеде қызға қол көтерген полиция қызметкеріне тек ескерту жасалған

1 531

Фото: видеодан скриншотЖақында полиция қызметкерінің қызға қол жұмсаған видеосы әлеуметтік желіде таралған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Shymkent.online парақшасының жазуынша, Шымкент полиция департаменті қыздарға күш көрсетіп, бірінің бетінен ұрып жіберген қызметкерге қатысты тергеуді аяқтаған.


«Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша, қызметкер ескерту түрінде қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция таратқан хабарламада.


Еске салсақ, Шымкент көшесінде екі ер адам бір қызды күштеп алып кетпек болған. Оған екі қыз араша түсіп, полиция шақырады. Ал тәртіпсіздікті реттеуге келген полицейдің өзі қыздарға күш көрсеткен. Оның атын-жөнін сұрап, құжатын көрсетуді талап етіп, жағдайды телефонның камерасына түсіріп алмақ болған қыздардың бірі полицейдің өзінен таяқ жеп қала жаздаған. Осыдан кейін қыздарға белгісіз біреулер қайта-қайта қоңырау шалып, жағдайды «жақсылықпен шешейік» деп ұсыныс жасаған.