Әйелін ұрып-соққан дипломатқа қатысты іс қозғалды
Әйелін ұрды деген күдікке ілінген дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған.
Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтты. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.
Қаз
Рус






