Бас мүфти "қара жұма" сөзін "жомарт жұма" деп өзгертуге шақырды

426

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көпшілік орындарында жазылған "қара жұма" сөзін "жомарт жұма" деп өзгертуге шақырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


"Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген "қара жұма" сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар "жұма" сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды "қара жұма" сөзін "жомарт жұма" деп өзгертуге шақырамын",- деді Бас мүфти үндеуінде.

Бас мүфти "жомарт жұма" – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз екенін атап өтті.

"Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, "қара жұманы" "жомарт жұма" деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде "жомарт жұма" акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.