Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған "Азия кубогы" турнирі басталды

937

Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған "Азия кубогы" турнирі басталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Азия кубогында сайдың тасындай іріктелеген білекті де жүректі балуандарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов сәттілік тілеп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын оқып берді.


"Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлерінің ішінде өзіндік орны бар ерекше спорттың түрі. Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан аса елінде ұлттық күресімізден федерациялар құрылып, жұмыс атқаруда. Қазақ күресінен Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Кейінгі он жыл көлемінде өтіп жатқан "Қазақстан барысы", "Еуразия барысы" және "Әлем барысы" додалары да бүгінде көрермен көзайымына айналып отыр. Біз ұлттық спортымызға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз!" – делінген облыс әкімінің құттықтау хатында.

Екі күн бойы жалғасатын балуандар белдесуінде 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесіндегі үздіктер анықталатын болады.

Жарыстың бас төрешісі Ерлан Иманғалиевтің айтуынша, жеңімпаздарға қаржылай сый-сияпат ұсынылып, түйе балуанға автокөліктің кілті табысталмақ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.