Боксшы Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінің үздік үштігіне ілікті

400
Қазақстандық боксшылар The Ring рейтингінің алғашқы үштігіне енді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




The Ring журналының ресми сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингін жаңартты.


WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орында қалды. Екінші орынға мексикалық Хайме Мунгия көтерілді, ал WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға жоғарылады.


Орта салмақ боксшыларының рейтингі мынадай:


1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)

2 (3). Хайме Мунгия (Мексика)
3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
4 (6). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
5 (-). Лиам Смит (Ұлыбритания)
6 (7). Риота Мурата (Жапония)
7 (8). Сергей Деревянченко (Украина)
8 (9). Эрисланди Лара (Куба)
9 (10). Феликс Кэш (Ұлыбритания)
10 (5). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания).

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.