Күрес деген нағыз қазақтың спорты - Президент

2 604

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінде болып, оқушылармен әңгімелесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баспасөз қызметі ұсынған видеода балалардың күрес бапкерімен жаттығып жатқаны көрсетілген.

"Шын мәнінде, спортпен міндетті түрде айналысу керек. Күрес деген нағыз қазақтың спорты. Әлем чемпионы болу міндет емес. Әрбір адамның қабілеті болады. Дегенмен, жалпы спортпен міндетті түрде айналысу керек. Спорт деген адамның көзғарасы. Сондықтан баршаңызға амандық тілеймін. Жақсы спортшы болыңдар, елге, халыққа қызмет етіңіздер", - деді Тоқаев балаларға.