Қазақстандық конькишілер әлем чемпионатында 2 медаль жеңіп алды

2 574

Фото: prosports.kzЖапонияның Хатонихе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Командалық із кесу жарысында  Кристина Шумекова, Мария Деген және Алина Шумекова үштігі қола жүлдегер атанды.

Алғашқы екі орында Жапония мен Нидерланд құрамалары еншілеген. 

Араға аз уақыт салып  Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алина Шумековадан құралған Қазақстан командасы спринттен күміс медаль еншіледі.

Бұл жолы біздің спортшылар Нидерланд құрамасына ғана жол берген. Үздік үштікті Канада тұйықтады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.